28 тамыз күні №8 арнайы мектеп-интернатында «Жаңа халық Конституциясының нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында облыстық тамыз конференциясы өтті.
Жиынға облыстың әртүрлі аудандарынан 40-қа жуық педагог пен маман қатысты. Қатысушылар арнайы білім беру жүйесін жетілдіру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолайлы орта қалыптастыру, бала құқықтарын қорғау және тең мүмкіндік қағидаттарын сақтау мәселелерін талқылады.
Педагогтер тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынды. Конференция кәсіби тәжірибе алмасуға және білім беру сапасын арттырудың жаңа мүмкіндіктерін талқылауға мүмкіндік берді.
✨ Бірлік пен өзара қолдау – сапалы білім мен жарқын болашақтың негізі! 🌷

