ХАБАРЛАНДЫРУ 📣


28 тамыз күні №8 арнайы мектеп-интернатында «Жаңа халық Конституциясының нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында облыстық тамыз конференциясы өтті.

⚽️ ШҚО-да алғаш рет ұйымдастырылған инклюзивті футбол турниріне мектебіміздің оқушылары арнайы шақырту алып, қатысып, өздерінің жақсы ойын өрнегін көрсетті.
Бұл - мектебіміз үшін үлкен мәртебе әрі оқушыларымыз үшін маңызды тәжірибе.
Осындай мүмкіндік сыйлаған ШҚО футбол федерациясының басшылығына зор алғысымызды білдіреміз! ⚽️
#инклюзивтіфутбол #спортбірлік #арнайымектеп8
18.09 күні мектебіміздің оқушылары «Жұлдызай» инклюзивті ойындарына қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті:
🥇 І орын - 9
🥈 ІІ орын - 3
🥉 ІІІ орын - 4
Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!
ШҚО ББ «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ 2026-2027 оқу жылына 0-сыныпқа оқушыларды қабылдайды.
2026 жылғы 21 мамырда біздің мектепте оқу жылының маңызды оқиғаларының бірі — Педагогикалық кеңестің жоспарлы отырысы өтті. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер ұжымы іскерлік жағдайда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, стратегиялық маңызды мәселелерді талқылады.
2026 жылғы 18 ақпанда Өскемен қаласындағы «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ базасында «Арнайы білім беру ұйымдары жағдайында ЕББҚ бар балаларға қолайлы орта қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.