Мектебімізде оқушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған тағы бір игі іс жүзеге асты. 🏫✨
Кеше мектебіміздің асханасына жаңа үстелдер мен орындықтардың тарту етілуіне орай салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа жиһаздар әлеуметтік серіктестеріміздің демеушілігімен сыйға тартылды. Бұл - оқушыларымызға жайлы әрі қолайлы орта қалыптастыруға қосылған маңызды үлес.
Мектебімізге қолдау көрсетіп, демеушілік танытқан әлеуметтік серіктестерімізге шынайы алғысымызды білдіреміз!
🌿 «MSK GROUP KZ» ЖШС құрылтайшысы Болат Құрманғалиұлы Захарьяновқа,
🌿 «MSK GROUP KZ» ЖШС директоры Әсет Тынысбекұлы Тынысбековке,
🌿 Аблакетка мешітінің имамы Досжан мырзаға ерекше ризашылығымызды білдіреміз!
Сіздердің қолдауларыңыз - оқушыларымыздың игілігіне бағытталған маңызды үлес. Жасаған жақсылықтарыңыз еселеніп, еңбектеріңізге береке, отбасыларыңызға амандық пен молшылық тілейміз!
Балаларға деген қамқорлықтарыңыз бен жасаған игі істеріңіз үшін алғысымыз шексіз! 💐

